Бүгінде біз ЖЖМ нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға барлық шараларды қабылдап жатырмыз - Ұ. Қарабалин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде біз ЖЖМ нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға барлық шараларды қабылдап жатырмыз. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин айтты.
None
None

«Бүгінде біз ЖЖМ нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға барлық шараларды қабылдап жатырмыз. Қазір еліміздің базаларында АИ-92 маркалы жанар-жағар майдың 95 мың тоннасы сақтаулы. Болашақта өзіміздегі мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіріп, дамытқаннан кейін, 2016 жылдан соң Қазақстан өз нарығын жанармаймен толықтай қамтамасыз ететін болады», - деп атап өтті Ұ. Қарабалин.

Оның айтуынша, қазіргі кейбір жанармай құю стансаларында жанармай тапшылығы сезілуде. Оның себебі 21 тамызда жанармай бағасын көтергенге дейін Ресейден жанармай тасымалдаушы көптеген компаниялар шығынға батпас үшін өз жұмыстарын тоқтатқан. «Енді жанармай бағасын көтеру туралы шешім шыққан кейін бұрыннан бері Ресейден ЖЖМ тасып келген компаниялар қайтадан елге жанармай әкеле бастады. Осылайша бір-екі аптаның ішінде біртіндеп жанармай құю стансаларындағы тапшылық жойылады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар