15:15, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Бүгінде елімізде апаттық үйлердің көлемі 2,2 миллион шаршы метрді құрайды - С. Нокин
СТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгінде елімізде апаттық үйлердің көлемі 2,2 миллион шаршы метрді құрайды.

Бұл туралы бүгін Астанада Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.
«Сүріліп тастауға жататын апаттық үйлердің көлемі бүгінде елімізде 2,2 миллион шаршы метрді құрайды. Бұл мәселені заңды түрде шешу керек. Атап айтқанда, биылғы жылы тұрғын үй қатынастары заңнамасына өзгерістер енгізілді», - деді агенттік басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, өзгерістерге байланысты апаттық үйдің тұрғыны үшін кезек анықталады. «Енді жергілікті атқарушы органдарда осы азаматтарды республикалық бюджет қаржысымен қатар жергілікті органдар салған жалға берілетін және басқа да тұрғын үйлердің кезегіне қоюды заңды түрде шеше алады»,- деді С. Нокин.