Бүгінде «Қаражамбасмұнай» АҚ мен «Өзенмұнайгаз» ӨФ-на жұмыспен қамтуға байланысты 893 өтінім түсті - үкіметтік комиссия

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде құрылған үкіметтік комиссияның ресми өкілі Нұрболат Тілегеновтың мәлімдеуінше, қалада жұмыспен қамту мәселелері бойынша арнайы комиссия құрылды, онда мұнайшылардың жұмыстан заңсыз шығарылуларына байланысты арыз-шағымдары қаралады.
None
None

Комиссияныеңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов басқарады.

Жұмыс істей бастаған екі күннің ішінде комиссия 62 адамды қабылдады, оның 30-ы - жұмыстан шығарылған мұнайшылар, олар консультациялар алуда. Оның ішінде 13 адам жұмыстан заңсыз шығарылғандарын айтып отыр.

30 желтоқсан, сағат 15.00 берілген ақпаратқа сәйкес, «Қаражамбасмұнай» АҚ (250) және «Өзенмұнайгаз» ӨФ-на (643) жұмыспен қамту мәселелеріне байланысты 893 өтінім түсті.

Соңғы жаңалықтар