Бүгінгі акция барысында республика бойынша 600 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен «Орнықты даму» Жер Қоры» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған «Ұлттық орман отырғызу күні» атты республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Акцияға мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындардың жұмыскерлері, үкіметтік емес, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда. Оларға табиғатты қорғау ұйымдары мен мемлекеттік орман иеленуші кәсіпорындардың мамандары көмек көрсетті.

Астанадағы акция бүкіл қалалық сенбілікпен қатар жүргізілді. Оған Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен ведомствоның 200 жуық қызметкері қатысты.

«Бүгінгі акцияға 100 мыңнан астам қазақстандық қатысады. Республика бойынша 600 мыңнан астам ағаш отырғызылмақ. 2012 жылы «Рио+20» саммитінде әлемде 2017 жылға дейін 100 миллион ағаш отырғызу бастамасы қолдау тапқан болатын. Бүгінгі акцияны өткізіп, біз осы бастамаға іс жүзінде қосылып отырмыз»,- деп Н. Қаппаров қазақстандықтарды осы экологиялық шараға белсенділікпен қатысуға шақырды.

Сонымен қатар министр Алматы тұрғындарының дауыл салдарынан зардап шеккен Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Шренк шыршасының 10 мың көшетін отырғызғандығын мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстандағы орман қорының жалпы ауданы 28 млн. 786 мың гектар немесе ел аумағының 10,6 пайызын алып отыр. Ағаш өскен алқаптар 12 млн. 452 мың гектар, яғни орман қоры жерлерінің ауданының 43,3 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар