Бүгінгі әлемдік дағдарыс негізі қолданыстағы әлемдік валютаның жетілмегендігінен де болып отыр

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгінгі әлемдік дағдарыс негізі қолданыстағы әлемдік валютаның жетілмегендігінен де болып отыр.
None
None
Бүгін «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» атты Астаналық ІІ Экономикалық форумды ашып, сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі әлемдік дағдарыс негізінде қолданыстағы әлемдік валютаның жетілмегендігі де себеп болып отыр. Бұл жүйе әлемнің өзгерісі қарқынынан апаттық түрде қалып келеді. Ең алдымен барлық мемлекеттер мойындаған әлемдік валюта айналымының заңнамалық базасы жоқ. Бүгінгі күні әлемдік валютаның эмитентті қызмет үдерісі демократиялық болып табылмайды. Ал қазіргі әлемдік валюта нарығы бәсекелі де емес. Бұның өзі жүйенің өркениетті емес екендігін білдіреді. Оның субъектілері бөтен «ойын тәртібін» сақтауға мәжбүр. Олар тек шағын топтарда қалыптасып, көптеген мемлекеттердің мүдделерін кемсітіп отыр», - деді Елбасы. Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік валюта эмитенттері оны пайдаланушылар алдында да, жалпы әлемдік қауымдастық алдында да ешқандай жауапкершілікті мойындарына алмайды.
Соңғы жаңалықтар