Бүгінгі бейбітшіліктің қадірін жете түсінуіміз қажет - Н. Назарбаев

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгінгі бейбітшіліктің қадірін жете түсінуіміз қажет. Бұл туралы бүгін Ұлы Жеңіс күніне орай Астанадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

Бұл соғыста Кеңес Одағынан 25-26 млн. адам қаза тапқандығын атап өткен Мемлекет басшысы: «Сондықтан мынау бейбітшіліктің қадірін қазір жақсы түсінуміз керек»,-деді.

ҚР Президентінің пайымынша, біздің ата-бабаларымыз Ұлы Отан соғысында ерліктің, бірліктің зор тәжірибесін көрсетті.

«Егер біздің бабаларымыз сол Жеңіске қол жеткізбеген болса, біз бүгінгі тәуелсіздікті көрер ме едік, көрмес пе едік? Соны қадірлей білуіміз керек»,-деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы ардагерлерге әрқашан қамқор болу қажеттігін атап өтіп, бұл істен мемлекеттің де тысқары қалмайтындығын баса айтты.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр уақытта халқымызда бақыт, береке, бірлік болсын деп тілеймін»,-деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар