Бүгінгі ерекше датада астанада 240-қа жуық неке қиылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 2022 жыл 22 ақпан – көп адамдардың пікірінше, ерекше мағынаға ие күн. Ерлі-зайыптылар осындай ерекше күндері заңды некеге тұруға тырысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі ерекше датада астанада 240-қа жуық неке қиылды

Таңертеңнен бастап АХАТ-тың елордалық бөлімдерінде алғашқы отбасылық құжатын алу үшін жас жұбайлар тізіліп тұрды.

Бүгін Нұр-Сұлтанда күннің соңына дейін 240-қа жуық жұп неке қию рәсімін өткізеді.

«Сандары сәйкес мұндай күндер жас жұбайлар арасында сұранысқа ие. Мысалы Есіл ауданында күніне орта есеппен 30-40 жұп тіркелсе, бүгін жұмыс күнінің соңына дейін 100-ге жуық жас некесін тіркейді деп күтіліп отыр. Жас жұбайларға отбасылық бақытты өмір, берік неке тілеймін! Бұл күн оларға сәттілік пен амандық әкелсін!» - деп атап өтті Есіл ауданы әкімдігі АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова.

Айта кету керек, соңғы жылдары елордада ресми түрде некесін тіркейтін жаңа отбасылардың саны үнемі өсіп келеді.

Сонымен, 2020 жылы 9 571 жұп некесін қиса, 2021 жылы – шамамен 12 мың.

Сарапшылардың айтуынша, олар қазір некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды.

Бүгінгі таңда жас жұбайлардың орташа жасы - 26-28 жас, ал 4-5 жыл бұрын ол 22-23 жас болатын.

Тек жастар ғана емес, сонымен бірге 50-60 және тіпті 70 жастағы үлкен кісілер де бар.


валюта
Ұқсас жаңалықтар

Апта басында доллар бағамы қандай