Бүгiнгi күнге дейiн 100-ден астам ауыл әкiмдерi жоғары бiлiмсiз қызмет еткен

АСТАНА. 1 шiлде. ҚазАқпарат - Бүгiнгi күнге дейiн 100-ден астам ауыл әкiмдерi жоғары бiлiмсiз қызмет iстеген.
None
None

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнiң брифингiнде ҚР Президентi Әкiмшiлiгi басшысының орынбасары Ғабидулла Әбдiрахымов мәлiм еттi.

Брифингте ауыл әкiмдерiн сайлау науқаны жайында сөз өрбiткен Ғабидулла Әбдiрахымов, ендi бұдан былай ауыл әкiмдерiне қойылатын кәсiби талаптардың күшейгенiн айтты.

"Ауыл әкiмдерiн сайлау науқанының бiрнеше ерекшелiктерi бар. Бұл сайлауда ауылға кәсiби деңгейі жоғары азаматтар келедi деп сенемiз. Оған заңдастырылған жаңа талаптар негiз бола алады. Оның iшiнде бұрын ауыл әкiмдерi саяси қызметкерлер еді, ендi олар сайланатын "Б корпусының" әкiмшiлiк қызметкерлерi болады. Сонымен қатар үмiткер Қазақстан азаматы болуы керек, жасы 25-тен кем болмай, жоғары бiлiмi болуы шарт. Тиiстi аумақта тұратын болуы керек. Мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сай болуы тексерiледi. Осындай талаптар ауыл әкiмдерiнiң қажеттi кәсiби деңгейiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Мәселен, бүгiнгi күнге дейiн 100-ден астам ауыл әкiмдерi жоғары бiлiмсiз қызмет iстеген. Ендi оған жол берiлмейдi", - дедi Ғ. Әбдiрахымов.

Оның айтуынша, егер бұрындары аудан әкiмдерi ауыл әкiмдерiн ешкiммен ақылдаспай тағайындаса, бүгiнгi заңға сәйкес жергiлiктi халықпен консультациялар өткiзуi тиiс. Оны өткiзу орны мен уақыты туралы ақпарат құралдары арқылы хабарланады.

"Жергiлiктi өзiн-өзi басқару заңына тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi. Елбасы әкiмдердi сайлау туралы арнайы Жарлыққа қол қойды. Облыс әкiмдерiнiң ұсыныстарына сәйкес, елiмiзде тамыз айында ауыл әкiмдерiнiң сайлауы өтедi. Заңнамаға сәйкес, ауыл әкiмдерiн аудандық мәслихаттардың депутаттары сайлайды. Қазақстанда 2457 ауылдық әкiмдiктер бар", - дедi ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум