Бүгінгі күні республикамызда астықтың 25 пайызы жиналды

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгінгі күні республикамызда астықтың 25 пайызы жиналды. Ал 4,9 млн. тонна астық қамбаға түсті.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңестен кейінгі брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Былтырғыға қарағанда астықтың шығымы биыл 1 гектардан 1 центнерге артық. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысы егін орағына толықтай дайын. Тек ауа райы қолайлы болса, қарқынды жұмыстарды атқаруға болады», деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қостанай облысында астықтың 34 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында 11 пайызы, Ақмола облысында 12 пайызы жиналды. «Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда сәл төмендеу. Болжам бойынша, осы күндері ашық болуы тиіс. Сондықтан енді егін орағының қарқыны тиісті деңгейде болады деп жоспарлап отырмыз», деді А. Күрішбаев.

Соңғы жаңалықтар