Бүгінгі күні республиканың 1 434 елді мекенінде өз мектебі жоқ

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгінгі күні республиканың 1 434 елді мекенінде өз мектебі жоқ. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ырсалиев мәлім етті,

Бүгінгі күні республиканың 1 434 елді мекенінде өз мектебі жоқ

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Осыған орай, жергілікті билік балаларды көрші елді мекендердегі мектептерге тасымалдау мәселесіне кірісіп кеткен. 34 мыңнан аса оқушыны мектепке жеткізу үшін биыл 1 300 автобус бөлініп отыр. Осы мақсатта соңғы жылдары 96 ыңғайлы автобус сатып алынған болатын», деді С.Ырсалиев.