19:15, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
Бүгінгі курсант, ертең ? ұшқыш
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Әскери институты курсанттарының әскери тағлымдамасы басталды.

Биылғы жылдың түлектері ? 4-ші курс курсанттары өз беттерінше ұшуды жүргізу үшін Ақтөбеден Балқаштың және Үшаралдың авиабазаларына ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Төрт жарым ай ішінде курсанттар оқу-әскери Л-39 ұшақтарында және МИ-8 тік ұшақтарында ұшатын болады. Курсанттарға ұшу аппараттарының штурвалдарында отыру таңсық емес: өз беттерінше ұшудың бастапқы тәжірибесін олар алғашқы әскери тағлымдамадан өту кезеңінде өткен жылы алды.
- Алдағы әскери тағлымдама кезінде курсанттар оқу жылы ішінде алған теориялық материалдарды пысықтайтын болады, ? деді Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының аға штурманы, подполковник Игорь Мухин. ? Бұған дейін өз беттерінше ұшу жаттығуларынан өткендіктен жігіттердің тәжірибесі бар деп айтуға болады. Қазір олармен тиісті әңгіме өткізуге болады.