Бүгінгі сайлау елдіктің, ауызбірліктің, татулықтың жарқын мерекесі болып отыр - Сауытбек Абдрахманов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі сайлау елдіктің, ауызбірліктің, татулықтың жарқын мерекесі болып отыр. Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Абдрахманов осындай пікір білдірді.

Бүгінгі сайлау елдіктің, ауызбірліктің, татулықтың жарқын мерекесі болып отыр - Сауытбек Абдрахманов

«Жаңа ғана осы сайлау учаскесінде Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушевпен ойламаған жерде кездесіп, сөйлесіп қалдым. Ол кісі халықаралық байқаушы қатарында келіп отыр екен. Өздеріңіз білесіздер, Аушев Қазақстанда дүниеге келген азамат. Осы орайда оған: «Сіздің Қазақстанда өтіп жатқан сайлаудан алған әсеріңіз қандай?» деген сауал қойдым. Өз кезегінде Руслан Сұлтанұлы сайлау учаскесінің алдындағы кезекке ешқандай да түсіндірменің қажеті жоқ екенін атап өтті. Яғни, ол бұл елдегі бірліктің, ынтымақтың, татулықтың, сондай-ақ Қазақстан халқының ертеңіне сенетіндігінің айқын дәлелі екенін қадап айтты»,- С. Абдрахманов.

Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» газетінің президенті дауыс берушілердің белсендігі Қазақстандағы қазіргі ахуалдың шын мәнінде тамаша екенінің айқын көрінісі деп бағалады. Осының алдындағы сайлауларда да халық осы науқанды мереке ретінде қабылдаған. Ал қазіргі таңда бұл елдіктің, ауызбірліктің, татулықтың жарқын мерекесіне айналып отыр.

«Осы орайда қазақстандықтарды бүгін азаматтық парызын белсенді атқаруға шақырамыз», - деп түйді ол.