Бүгінгі сайлау электоралды процеске қатысушылардың саяси мәдениетінің өскендігін көрсетті - «Демократия институты» ҰЗҚ
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгінгі сайлау электоралды процеске қатысушылардың саяси мәдениетінін өскендігін көрсетті.
Бүгін елімізде өткен Парламент мәжілісінің сайлауына байланысты өздерінің алдын ала зерттеу қорытындыларын жариялаған «Демократия институты» ұлттық зерттеу қауымдастығы директоры Юлия Кучинская осылай мәлім етті.
«Жалпы алғанда, 15 қаңтарда өткен сайлау электоралды процеске қатысушылардың саяси мәдениетінің өскендігін көрсетті. Оның сипатты ерекшеліктеріне электоралдық процесс барысын азаматтық қоғамның кеңінен бақылауын жатқызуға болады. Саяси партиялардың пікірталасы аса қызу болды. Мемлекеттік органдардың науқанды ұйымдастыру деңгейі де жоғары», - деді Ю.Кучинская. Оның айтуынша, қаңтардағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жалпы жұртшылықтың сайлаудағы көңіл-күйі жоғары болған.