Бүгінгі сенбілікте 4 мыңнан астам жас көшет отырғызылады -И.Тасмағамбетов

АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Осы күнге дейін Астанада өткізілген сенбіліктерде 10 мыңға тарта ағаш, 3 мыңға жуық бұта отырғызылған.
None
None

Бұл туралы бүгін Астана өткен жалпықалалық сенбілік барысында журналистерге берген сұхбатында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.

«Қалалалық сенбілік - сәулеті мен сәні жарасқан, елорданың тазалығы мен тәртібін еселейтін жақсы дәстүр. Бүгін жалпықалалық сенбілікке 70 мыңға жуық елордалық шығып, қаланы әсемдеуге, осы бір жақсы дәстүрге септілігін тигізуге көңіл білдіріп жатыр. Бүгін 4 мыңнан астам жас көшет отырғызылады, 3 мың тоннадан астам қоқыс-қалдықтар қаланың сыртына шығарылады», деді қала И.Тасмағамбетов.

Әрбір адам жылына 250 келі тұрмыстық қоқыстар шығарады екен. Қалалық ауқым үшін бұл аса көп көлем. Қала басшысының айтуынша, елорда тазалығына және абаттандыруына қажетті техника жеткілікті. Коммуналдық шаруашылықтар өз қызметтерін орындай алып жүр.

И. Тасмағамбетов, бүгін қанша қоқыс шығарғанда емес, басты мәселе әрбір тұрғынның өз қаласын сыйлауды үйретуде жатқандығын тілге тиек етті.

«Сенбіліктің негізгі мақсаты - тәрбиелік мәнге көңіл бөлу. Бұл қалалық адамға елорданы жай ғана өз өмірінің бір бөлігі ретінде ғана емес, өзінің болашағын байланыстырып, балаларын тәрбиелейтін қала ретінде түйсінуіне жол ашу. Мәселен, Астанада тек сенбіліктерде 10 мыңға тарта ағаш, 3 мыңға жуық бұта отырғызылған. Бұл шамамен 5 саябақ пен 25 шағын баққа пара пар», деп атап көрсетті ол.

Соңғы жаңалықтар