«Бүгінгі таңда әлемдегі ең басты тәуекелдердің бірі - әлемдік экономика дамуының бәсеңдеуі» - «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Бүгінгі таңда әлемдегі ең басты тәуекелдердің бірі ол, - әлемдік экономика дамуының бәсеңдеуі». Бүгін Алматыда басталған «Халықаралық риск-менеджмент бойынша конфренцияда» «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы Борис Уманов осындай пікір білдірді.
Оның айтуынша, жалпы халық үшін, сақтандыру компаниялары үшін ең бастысы - елдердің тұрақты түрде дамып отырғандығы.
«Егер Қытайдың, Еуропаның экономикасының дамуы тежелетін болса, бұл Қазақстанға да оңай тимейді. Яғни, Қазақстанның экспортқа шығатын өнімдеріне: мұнайға, мысқа, алюминийге және басқа да өнімдерге сұраныс төмендейді. Бұл экономикамызға кері әсер етеді. Сол үшін бүкіл әлемде өндіріс тоқтаусыз дамып отыруы тиіс. Ал осындай тәуекелдерден барынша сақтану үшін бұл аталған өнімдерден отандық жаңа өнімдер шығару керек», -деді Борис Уманов.
Естеріңізге сала кетейік, «Халықаралық Тәуекел-менеджмент бойынша конференция» осымен оныншы рет өтіп отыр. Онда қазақстандық кәсіпорындар алдында тұрған тәуекелдер жайы талқыланып жатыр. Сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген мамандар тәуекелді басқару бойынша өз тәжірибелерімен бөлісуде.
Конференция екі күнге созылады.