Бүгінгі таңда Астана қаласында 63 350 зейнеткер тұрып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда зейнетақы төлемдері 9 пайызға көбейді. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың мәліметінше, қазіргі кезде Астана қаласы бойынша 63 350 зейнеткер тіркелген, деп хабарлады astana.kz.

Бүгінгі таңда Астана қаласында 63 350 зейнеткер тұрып жатыр

«2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін белгіленген уәкілетті ұйымның зейнетақы төлемдерін арттыру, барлық зейнетақы алушыларға, соның ішінде әскери қызметте қызмет атқарғандарға, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілген, біліктілік сыныбы бекітілген мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап, жойылған адамдарға алатын зейнетақы төлемінің 9 пайызы көлемінде жүргізілсін». Бұдан басқа, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, ең төменгі зейнетақы мөлшері ұлғайды. «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, ең аз зейнетақы мөлшері - 23 692 теңге болып белгіленсін», делінген «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында. 2014 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 20 782 теңгені құрады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 11 182 теңгеге дейін артты. 2014 жылы мемлекеттік базалық зейнетақылық төлем мөлшері 9 983 теңгені құрады.