Бүгінгі таңда республикамыз бойынша 620 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істеуде - Н.Аршабеков

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгінгі таңда республикамыз бойынша 620 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істеуде. Онда 517 998 балалар мен жасөспірімдер қамтылса,

Бүгінгі таңда республикамыз бойынша 620 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істеуде - Н.Аршабеков

13784 қосымша білім педагогы қызмет атқарады. 159 ұйым типтік үлгідегі ғимаратта, ал қалғандары жалға алынған орындарда орналасқан. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Нұрғали Аршабеков бүгінгі өткен семинар-кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент директорының айтуынша, қосымша білім беру саласы өзінше үлкен жүйе. «Қосымша білім беру жүйесінің басты құнды басымдықтары: оқу-тәрбие үрдісін демократияландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту. Сонымен қатар педагогикалық шығармашылық үшін қажетті жағдай жасау, оқу-бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа технологияларын құру, дарынды балаларға қолдау көрсету және даралығын дамыту», дейді Н.Аршабеков.