Бүгінгі жауынгерлік шеру армиямыздың кез келген тосын жағдайға қарсы тұра алатындығын көрсетті - 41321-әскери бөлімнің командирі

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгінгі жауынгерлік шеру армиямыздың кез келген тосын жағдайға қарсы тұра алатындығын көрсетті.
None
None

Бұл пікірді Отан қорғаушы күніне орай «Отар» 40-ыншы әскери базасында өткен жауынгерлік парадқа қатысқан Атыраудағы 41321-ші әскери бөлімнің командирі Қайрат Нұрғалиев білдірді.

Өткен жылы ел Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 7 мамыр мемлекеттік мереке ретінде - Отан қорғаушы күні болып белгіленгенін атап өткен Қ.Нұрғалиев: «Бүгінгі жауынгерлік парад өте жоғары деңгейде өтті. Мұндай шеру ТМД елдерінде бұрын-соңды өткен емес. Бұл Қазақстан армиясының жауынгерлік дайындығын, ұтқырлығын, ұрыс жүргізудегі машығы мен шеберлігін паш етті. Сонымен қатар армиямыздың кез келген тосын жағдайға қарсы тұра алатындығын көрсетіп отыр. Мұндай жауынгерлік парадқа бірінші рет қатыстым, алған әсерім шексіз», - деді.

Соңғы жаңалықтар