Бүгіннен бастап Астанада жылу беріле бастайды - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Біз жылуды 10 қазаннан бастап беруді жоспарлағанбыз. Алайда күннің ертерек суытып кетуіне байланысты, бүгіннен бастап қалаға жылу беріледі.
None
None

Бұл туралы бүгін Астана қалалық әкімдігінде күзгі-қысқы жылу беру маусымына Астананың дайындығы мәселесі бойынша жиналыс өткізген қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдымен балабақша, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелеріне жылу беріледі. «Осылайша, қазанның 15-іне дейін қаланың барлық нысандары жылуға қосылатын болады», - деді әкім.

Жиналыста әкімнің орынбасары-2012-2013 жылу беру маусымына дайындық бойынша қалалық штабтың төрағасы Василий Крыловтың және Алматы, Есіл, Сарыарқа аудан әкімдерінің есебін тыңдаған И. Тасмағамбетов елорданың жылу беру маусымына толық дайын екендігін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар