Бүгіннен бастап елімізде түнгі көңіл көтеру орындарында, би алаңдарында, жұмыс орны болып табылатын үй-жайларда, көп қабатты үйлердің кіреберістерінде темекі шегуге шектеу қойылды
АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап елімізде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің «Темекі шегудің алдын алу және оны шектеу» атты 159-бабына сәйкес түнгі клубтарда темекі шегуге тыйым салынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған Кодекске сәйкес темекі бұйымдарының қорабында шайырлы заттардың, никотиннің болу деңгейі және жүйелік улардың, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер орналастырылмаса, қорапқа темекі шегудің зияны туралы ескерту жазылмаса, қорапқа, қаптамаға он сегіз жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы ескерту болмаса, «құрамында шайыр аз», «жеңіл», «өте жеңіл» немесе «жұмсақ» деген сөздер не басқаларымен салыстырғанда темекі бұйымының аз зияны туралы жалған әсер қалдыратын өзге де, оның ішінде шетел тілдерінде сөз тіркестері болса онда өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен сатуға, балалар ассортименті тауарларының саудасын жүзеге асыратын сауда-саттық ұйымдарының үй-жайларында сатуға тыйым салынады.
Осы жаңа ереже бұзылған жағдайда 10-нан 60-қа дейінгі аралықтағы айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл салынады.
Жалпы, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда, қазіргі кезде әлемде 1,3 миллиардқа жуық адам тұрақты түрде темекі шегеді. Темекі салдарынан жыл сайын 5 миллион адам көз жұмса, шамамен оның 300 мыңы ресейліктер, 30 мыңнан астамы - қазақстандықтар, 10 мыңнан астамы - Қырғыз елінің азаматтары екен.