Бүгіннен бастап Головкин-Гил жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап қазақстандық Геннадий Головкин мен австралиялық Дэниэл Гилдің жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады, деп хабарлады GGG ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
None
None

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниэл Гилдің баспасөз конференциясы Нью-Йоркте 7 маусымда, ал Лос-Анджелесте 10 маусым күні өтеді.

Еске сала кетейік, жекпе-жектің өзі 26 шілдеде Нью-Йорктің Мэдисон Сквер Гарден аренасында өтеді деп жоспарланып отыр.

Билет құны $25-дан $500-ға дейінгі шамада.

Билеттер алдын ала Мэдисон Сквер Гарден кассаларында, Ticketmaster барлық кассаларында, Ticketmaster телефоны бойынша, сондай-ақ www.ticketmaster.com және www.thegarden.com. сайттарында онлайн-сатылымда сатылады, деп хабарлайды sports.kz.

Соңғы жаңалықтар