Бүгіннен бастап «Керуен» сауда орталығында «Малефисента» фильмі көрсетіле бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 мамырдан бастап елордадағы «Керуен» сауда орталығындағы «Kinopark 7 IMAX 3D» кинотеатрында «Малефисента» көркем фильмінің қазақ тіліндегі көрсетілімі басталады.

Бүгіннен бастап «Керуен» сауда орталығында «Малефисента» фильмі көрсетіле бастайды

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Айта кетейік, мемлекеттік тілге дубляждалған, басты рөлін әлемге әйгілі актриса Анджелина Джоли сомдаған кинотуындының алдын-ала көрсетілімі 27 мамыр күні өткен болатын.