16:45, 01 Наурыз 2009 | GMT +5
Бүгіннен бастап Ресей мен Грузия арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді
МӘСКЕУ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап Ресей мен Грузия арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Енді Грузияға Армения арқылы қатынауға болады. Армянның «Армавиа» авиакомпаниясы 2009 жылғы наурыздың 1-інен бастап Мәскеу-Ереван-Тбилиси және Тбилиси-Ереван-Мәскеу рейсін жүзеге асыра бастады. Ресей-грузин бірлескен қоғамдық комиссиясында осындай уағдаластыққа қол жеткізілді. Естеріңізге сала кетейік, Грузия мен Ресей арасындағы тікелей әуе қатынасы 2008 жылғы тамызда Оңтүстік Осетиядағы соғыс қимылдары кезінде үзілген болатын.