Бүгіннен бастап Telegram-ды қазақ тілінде қолдануға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тілі Telegram тілдерінің тізіміне ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап Telegram-ды қазақ тілінде қолдануға болады

Бүгін Telegram әлеуметтік желісінің тілдік параметрлеріне мемлекеттік тіл ресми түрде енгізілді.

Қазақ тілін iOS және Android жүйелерінде, сондай-ақ қосымшаның веб-нұсқасында қолдануға болады.

Тілді өзгерту үшін параметрлерге өтіп, «тілді» таңдап, Kazakh тілі батырмасын басу керек.