Бүгін Ақмола, Қарағанды облыстарында қар жауады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет ел аумағында 31 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Фото: Александр Павский/Kazinform

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Жауын-шашын күтіледі, түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде. Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде қар жауады. Алматы және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі», — делінген ақпаратта.

ҚР бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болады.

ҚПЛ: «Каспий» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Каспий» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті