Бүгін Ақмола облысында үш орман өрті тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылы 11 тамызда Республика бойынша 3 орман өрті Ақмола облысында тіркелді, деп хабарлайды ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндіру қызметіне мемлекеттік орман мекемелерінің күштері мен құралдары сонымен қатар, «Казавиаорманқорғау» РМҚК әуе десанттары және су төгу құрылғысымен жабдықталған тікұшағы жұмылдырылды.
-«Казавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлерінің әуе патрульдеуі барысында және өрттерді жедел анықтау жүйесі арқылы өрт ошақтары анықталған сәттен бастап жедел хабарлау арқылы қажетті күш құралдар уақытылы өрт орнына жетіп, аз уақыт ішінде оқшаулап, толық сөндірді,-делінген хабарламада.
ТЖМ аптап ыстық кезінде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Айта кетейік, кеше еліміз бойынша 6 орман өрті тіркеліп, кей жерлерге тікұшақ қажет болған еді.