Бүгін Ақтөбе мен Атырауда ауа ластанады
Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз меторологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2023 жылғы 14 қазанда Ақтөбе, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.