Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 3 желтоқсанда Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды Kazinform.

ауа сапасы
Фото: Pixabay

Бүгін тек Алматы қаласында қолайсыз метеоахуал күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.