Бүгін Алматыда найзағай, солтүстік пен батыста тұман болады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда бүгін ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, солтүстік пен батыс өңірлерде тұман күтіледі. Астанада күн жауын-шашынсыз өтсе, Алматыда жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстік және батыс өңірлерде тұман сақталады.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +22...+24°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 17 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C.
Бұған дейін дейін бүгін батыс, шығыс және солтүстіктегі қалаларда ауа сапасы төмендейтінін жаздық.