Бүгін алты қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады

5 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

метеожағдай
Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат ХАА

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.