Бүгін Астана қаласында қазақ күресінен республикалық турнир өтеді

Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді
Фото: Рrosports.kz

Бүгін елордада қазақ күресінен өтетін республикалық бәсеке «Дала қырандары» деп аталады. Бұл туралы Kazinform Сполрт қорына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыстың өтетін күні — 17 желтоқсан. Өтетін орны — Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. Ойын барысын тамашалауға тегін кіруге болады.

«Турнирде жыл бойы рейтингтік жарыстарда 8 салмақта жоғары ұпай жинаған 64 балуан сынға түседі. Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды Әлем және Азия чемпионаттарының, Әлем кубогінің, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері бар», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар