05:00, 14 Сәуір 2024 | GMT +5
Бүгін Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Атырауда жайсыз метеорлогиялық жағдай қалыптасып, ауа астанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«2024 жылғы 14 сәуірде түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.