Бүгін ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 18 сәуір, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

көктем
Фото: Pixabay

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттарға байланысты найзағайлы жаңбыр сақталады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.