Бүгін Әзербайжандағы мектептерде «Соңғы қоңырау» соғылады

Соңғы қоңырау
Фото: azertag.az

АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжандағы білім ошақтарында бүгін «Соңғы қоңырау» соғылады. Биыл республикада 11 сыныпты 102 мың 120 оқушы бітіруде, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі. 

2023-2024 оқу жылында жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны 1 млн 706 мың 935 адамды құрады. 

Биылғы оқу жылында жалпы білім беру ұйымдарында 9-сыныпты 150 мың 445 оқушы бітірді. 1-сыныпты 137 мың 862 оқушы аяқтады.

Баку қалалық білім басқармасына (УББ) қарасты мектептердің 11-сыныбын 28 993 адам, 12-сыныпты 125 оқушы (күндізгі және сырттай орта және сырттай оқу) бітірді.

Ел астанасында 42 мың 70 оқушы 1-сыныпты тәмамдады.

Биылғы оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 505 мың 372 оқушы білім алды. Басқарма жанындағы жалпы білім беретін мектептерде 29 мың 767 мұғалім жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар