05:08, 14 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Бүгін бес қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Бүгін Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 14 желтоқсанда Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.