Бүгін бес облыста 35-37 градус ыстық болады - Қазгидромет

  АСТАНА. KAZINIFORM – «Қазгидромет» РМК-сы маусымның 11-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

жара
Фото: pixabay.com

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, антициклонның ықпалымен Қазақстанның шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің қалған бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпа етіп, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, республиканың оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде 35-37 градус аптап ыстық болады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның ірі қалаларында түнде экспресс-маршруттар қатынауы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар