Бүгін бокстан іріктеу турнирінің финалдық кезеңінде кімдер жұдырықтасады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордада бокстан іріктеу турнирінің финалдық кездесулері өтеді. Боксшылар Бангкоктағы (Таиланд) лицензиялық жарысқа бару құқығына таласады. 

Дулат Бекбауов
Фото: prosports.kz

Шаршы алаңда 4 боксшы кім мықтыны анықтайды. Ерлер арасында 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов жұдырықтасады.

Әйелдер арасында үш кездесу өтеді. 54 келіде Ұлжан Сәрсенбек пен Сымбат Әлиасқар шеберлік байқасады. Одан кейін 66 келі салмақ дәрежесінде Наталья Богданова мен Жасмин Қизатованың текетіресін көреміз. Шешуші жекпе-жек 75 келіде бақ сынайтын Валентина Хальзова мен Гүлсая Ержанның арасында өтеді. 

Жекпе-жектер Астана уақытымен 16:00-де басталады.