Бүгін біртуар балет әртісі Алмас Бекбосыновтың туғанына 100 жыл

Балет
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM - Ол қазақ балетінің тұңғыш әртістерінің қатарында болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Алмас Бекбосынов Иван Надировтың «Көктем» ұлттық балетінде Айдар рөлін сомдады. Талантты әртіс «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Абай», «Біржан мен Сара» операларында да би нөмірлерін орындады.

Балет ұжымымен бірге АҚШ-қа гастрольдік сапармен барды. Алмас Бекбосынов еліміздегі балет өнерінің дамуына орасан зор үлес қосты. Сол үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Оның еңбек жолы мен жетістіктері жас әртістерді шығармашылық өсуге әлі де шабыттандырып келеді. 

Соңғы жаңалықтар