Бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді — Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет мамандары 22 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

боран
Фото: Freepik

Республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады.

Сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын, көбіне қар жауады. 

Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.