Бүгін ел аумағында жаңбыр мен бұршақ жауып, күн күркірейді

күн күркірейді
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет синоптиктері 24 сәуір, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігіне Оңтүстік циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. 

Сондықтан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. 

Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі бар. 

Соңғы жаңалықтар