Бүгін ел аумағында жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады

дауыл
Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК ел аумағында 15 қыркүейекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Кең антициклон Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.

«Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жоғары сақталады», .

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram