Бүгін ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет РМК ел аумағында 14 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Смог в Астане Астанада тұман зима қыс
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Дерекке қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

- Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстігінде, орталығында – көктайғақ болады, - деп жазды синоптиктер.

Бұған дейін синоптиктер бүгінгі ауа райына байланысты 17 облыс пен 3 мегаполистің тұрғындарына ескерту жасаған.