Бүгін ел өңірлеріндегі метеорологиялық жағдай қандай болады

28 желтоқсанда еліміздің ешбір өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай болмайды, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

метеорологиялық жағдай
Фото: Александр Павский/Kazinform

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.