Бүгін елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

Дождь Алматы Жаңбыр осень күз
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, сәуірдің 27-і күні Қазақстанның басым бөлігіне Батыс циклоны әсер етіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде, батысында – қатты жаңбыр жауады, батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, оңтүстік шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, шығысында өрт қауіпі сақталады сақталады. Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

СҚО-да синоптиктер көктем мен жаз мезгіліне арналған ауа райы болжамын жасады.

 

Соңғы жаңалықтар