Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады.
Тек солтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бұрқасын болады, найзағай ойнайды.