Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.
«2024 жылғы 16 маусымда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана, Атырау, Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.