Бүгін еліміздің барлық аумағында жел тұрады, кейбір облыстарда күн суытады
АСТАНА. KAZINFORM – "Қазгидромет" РМК ел аумағында 18 қыркүейекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Кең ауқымды антициклон ҚР басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшейюі күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.
«Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, шығысында, орталығында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-6 градус аяз күтіледі», — деп жазды синоптиктер.
Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.