Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның солтүстігінде, батысында және солтүстік-батысында қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, тек шығыста, Қазақстанның орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, батыста, оңтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, жел күшейеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 14 облысында және Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар