Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады – Қазгидромет

Қазақстан Республикасының барлық аумағында атланикалық циклон жырасының және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады.

Тұман, көктайғақ
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Бұл туралы Kazinform «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, екпінді жел соғып, бұрқасын болады.