Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 1-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

ауа райы
Фото: Pixabay

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен ауа райы құбылып тұрады.

Кей жерлерде жауын жауса, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, сондай-ақ көктайғақ болады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасы салдарынан күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын болуы да ықтимал.